Шымкентте автобус жүргізушілері тексерілді

Шымкент қаласы Полиция департаментінің ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері көлік көп қатынайтын жолдардағы аялдамаларда қарбалас сәттерде кептелісті алдын алу мақсатында автобус жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді. Яғни автобус жүргізушілері арасында жолда жүру тәртібін арттырып, автобустардың техникалық жағдайлары тексерілді. Мәселен, полиция қызметкерлері жол ережесін бұзған автобусты тоқтатты. Жүргізушіге бұл әрекеттің заңсыз екендігін түсіндірді. Нәтижесінде жүргізуші жол жүру ережесін бұзғаны үшін оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы 2-бөлігімен (жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау) әкімшілік хаттама толтырылды. Құрметті жол қозғалысына қатысушылар! Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәртіп сақшылары жолда мұқият болуларыңызды және жол жүру ережелерін сақтауды сұрайды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі