Ағымдағы жылдың 17 тамызында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің және дербес Әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуында Әдеп жөніндегі кеңесінің көшпелі отырысы өтті.
Кеңес отырысында 5 лауазымды тұлғаның бұзушылықтардың профилактикасы бағытындағы жұмыс қорытындылары қаралды.
Атап айтқанда, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Е.Ергештің, Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары С.Ешанкуловтың, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық басқармасы басшысының орынбасары Е.Турмановтың, білім басқармасының басшысы Ж.Тажиеваның және сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының у.м.а. Н.Жунусбековтың бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жұмыстарының қорытындылары тындалды.
Нәтижесінде аталған лауазымды тұлғаларға бұзушылықтарды болдырмауға және ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге, қашықтықтан және аралас режимді, сондай-ақ жұмыстың икемді кестесін енгізу сұрақтарына, үстеме жұмысқа негізсіз тартуға жол бермеуге және мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының қорғалуына байланысты профилактикалық ұсынымдар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.
Айта кету қажет, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырмасына сәйкес, Департамент Шымкент қаласындағы бірқатар мемлекеттік органдармен бірлесе мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының қорғалу сұрақтарына, оның ішінде қызметшілерге іссапар кезіндегі өтемақыларын төлеу және еңбек демалыстарын беру талаптарының сақталуына талдау жүргізілді. Нәтижесімен мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қорғалып, атқарылған жұмыстар өз нәтижелігін көрсетті. Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ш.Сұлтанхан аталған бағыттағы жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтіп, мемлекеттік орган басшылығына тиісті тапсырмалар берді.