Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен құрылған арнайы комиссия Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» Халықаралық әуежайын басқарушы «Turkistan International Airport» ЖШС-нан қабылдау жұмыстарын жүргізуде. Аталған жұмыстар 2024 жылдың 1 наурызына дейін жүргізілетін болады.
Айта кетейік, бұған дейін әуежай жұмысын үйлестіруді жүргізген «Turkistan International Airport» ЖШС-мен келісім-шарт 2024 жылдың 1 наурызында аяқталады. Одан кейін «Әзірет Сұлтан» Халықаралық әуежайын басқаруды облыстық әкімдікке қарасты «Түркістан халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы жүргізетін болады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі