Ордабасы аудандық полиция бөлімі Әйелдерді зорлық- зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Жанар Өмірбайқызы тәртіп сақшыларының қызметіне араласқан омсынау аз уақыттың ішінде халықпен бірге жұмыс жасап, жауапкершілігі мол қызмет екендігіне көз жеткізе білді.
Әрбір істің өз қиындығы мен өзіндік жауапкершілігі бар. Соған қарамастан көмекке мұқтаж әйелдерге қол ұшын беріп, құқықтық көмек көрсету бізге міндет деп санаймын , — дейді жас тәртіп сақшысы.
Өзінің нәзіктігі мен биязылығын қоғам тыныштығын күзететін қызметтің жолымен алмастырған Жанар өз қызметін адал да абыройлы атқаруға ант қабылдаған.
Тәртіп сақшысы секілді қиындығы мен қуанышы мол мамандықты таңдаған барша аруларды көктем мерекесімен құттықтап, көктем гүліндей құлпыра беріңіздер дейміз!
Түркістан облысы ПД