Абай ауданында әлеуметтік маңызы бар нысандар бой көтереді

Бүгінде Абай ауданы аумағында 18 емдеу мекемесі жұмыс істейді. Олардың 11-і жеке меншік, қалғаны мемлекеттік нысандар. 2023-2024 жылдары жеке инвесторлар Ынтымақ шағынауданының №14 емдеу орталығы филиалының және Қайнар бұлақ саяжайы мен Қайнар бұлақ тұрғын алабына емханалар құрылысын жүргізетін болады.

Аудан аумағында 2024-2025 жылдары 3 мәдени нысанның құрылысы басталады. Қазір ауданға қарасты 6 мәдени нысан бар. Мәдениет үйлері Көкбұлақ, Қайнарбұлақ тұрғын алабтарында бой көтеретін болады.

Мектеп тапшылығын жою мақсатында 2023-2025 жылдары аралығында «Жайлы мектеп Ұлттық жобасы» аясында 7 мектеп салу жоспарлануда. Олардың 6-уы 2023-2024 жылдары Нұршуақтың Достық жағы мен Ынтымақ жағында, Жаңатұрлан, Бозарық шағын ауданындарында салынады. 2024-2025 жылдары 4 мектеп Асар-2, Шымкент Сити, Достық шағынаудандарында бой көтеретін болады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі