Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне  жүгінген қала тұрғындарының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері азаматтар мен мемлекеттік қызметті алушылардың құқықтарын қорғауда және олардың бұзылуына жол бермеу бағытында бірқатар жұмыстарды жүргізуде.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен ағымдағы жылдың 9-айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 538 адамның құқығы қалпына келтірілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша жүргізілген тексеру қорытындыларымен 419 қызмет алушының құқығы қалпына келтірілсе, тексеруден бөлек іс-шаралар арқылы 119 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, бұзылған құқықтарды қорғау жұмысында жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдары негізінде жүргізілетін жоспардан тыс тексерулер, сондай-ақ жоспарлы тексеру жұмыстары да ерекше маңызға ие.

Осы ретте, есепті кезеңде Департаментпен мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласы бойынша 29 жоспардан тыс және 5 жоспарлы тексеру жүргізіліп, нәтижесімен 3467 бұзушылық анықталып тиісті ұсынымдар берілді. Орын алған бұзушылықтарға жол бергені үшін 42 қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 3 қызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылды және тексеру қорытындыларымен 419 қызмет алушының құқығы  қалпына келтірілді.

Мысалы, қала тұрғыны «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ Қаратау ауданының мансаптық орталығына (Орталық) жүгініп, қызмет ала – алмағандығын мәлімдеген.

Департамент құзыреті шегінде шағымға сәйкес тексеру жүргізіп, бірқатар кемшіліктерді анықтап, қызмет алушының құқығын қалпына келтіру бойынша ұсыныс енгізді.

Нәтижесінде, Орталыққа жүгінген азаматшаға мемлекеттік қызмет оң мәртебесімен көрсетіліп, қызметтің мерзімін кешіктіргені және мемлекеттік қызмет көрсетуді сапасыз ұсынғаны үшін, «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ-сі Қаратау ауданы мансаптық орталығының маманына тәртіптік шара қолданылды.  

Осылайша, Департаментке «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бойынша шағымданған қала тұрғының құқығы қалпына келтірілді.

__________________________________________________________________

Мақала авторы:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы  Қансейіт Ардақ Кеңесәліқызы