Құқық бұзушылықтың алдын алу

Бүгінгі таңда қала көшелерінде жол-көлік ережелерін бұзып, құқық бұзушылыққа жол беріп жатқан көлік жүргізушілері көп.  Осы ретте Түркістан  қаласының Полицейлері «Автобус» шарасы  кезінде көптеген  құқық бұзушылықты анықтады

Түркістан қаласының аумағында полицейлер 2022 жылдың 5-11 желтоқсан аралығында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Негізгі мақсат — жол қозғалысы қауіпсіздігінің алдын алу, жол-көлік оқиғаларын азайту мен қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтау. Сондай-ақ, автобустарды нормативтер мен стандарттардың талаптарын бұзып басқару және пайдалану фактілерін, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтауды анықтау, жүргізушілер мен автобустарды жолға шықпай тұрып медициналық және техникалық тексеру шараларын, жүргізушілердің еңбек пен демалыс режимін сақтауын тексеру бойынша шаралар өткізеді. Сонымен қатар, жолаушылар көлігі жүргізушілерінің тарапынан құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған бірқатар шараларды қабылдау жоспарланған.

Іс-шараны өткізуге  полиция қызметкерлері, мүдделі органдар мен жұртшылық өкілдері жұмылдырылды.  Аталмыш іс-шарада  полицейлер бірнеше  әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 3 жайт жолаушыларды заңсыз тасымалдау дерегі. Ал көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланғаны үшін, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін, жылдамдықты асырғаны үшін, қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін, техникалық байқаудан өтпегені үшін, жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін және заңсыз қайта жабдықтағаны үшін  құқық бұзушылықтар анықталып  жауапқа тартылды.

Рейд барысында ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзудың  жайттары анықталып,  автокөліктер  айыптұраққа қойылды. Автобустардың техникалық жай-күйі, жылытуы және т. б. сәйкестігі тексерілді. Түркістан  полицейлері атап өткендей, қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтауы бойынша осындай профилактикалық шаралары жол-көлік оқиғаларын азайтуға, сондай-ақ жолаушылар тасымалы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол қозғалысы ережелерін сақтауға ықпал етеді. Жол ережесін бұзған жүргізушілерге әкімшілік құқық бұзушылық кодексімен жауапкершілік қарастырылған.

Түркістан қаласындағы түсіндірме жұмыстарының жүйелі бір саласы әкімшілік құқық бұзушылық. Атаулы тақырып туралы Қазақстан Республикасының Конституциясына , халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларына негізделетін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінен  тұрады, әкімшілік жауаптылықтың шарттары мен негіздерін, әкімшілік жазалардың түрлерін, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібін, оның ішінде осы істердің ведомстволығы мен соттылығын анықтайды.

Әкімшілік құқық бұзушылықтан адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi қорғауды және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 6-бабының бірінші бөлігінде санамаланған басқа да міндеттерді жүзеге асыру, сондай-ақ оларды жасаудың алдын алу үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама әкімшілік жауаптылықтың негіздері мен қағидаттарын белгілейді, оларды бұзу сипаты мен маңыздылығына қарай iс бойынша болған iс жүргізуді жарамсыз деп тануға, осындай iс жүргiзудiң барысында шығарылған шешiмдердiң күшiн жоюға не осы тұрғыда жиналған материалдарды дәлелдеу күшi жоқ деп тануға әкеп соғады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің процестік ережелерінде олқылықтар болған кезде соттар сот төрелігінің қағидаттары және адам мен азаматтың құқықтары туралы конституциялық нормаларды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың қағидаттарын басшылыққа алуға тиіс.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараған кезде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 10-бабында бекітілген кінәсіздік презумпциясы қағидаты бұлжытпай сақталуға тиіс.

Кiнәлiлiкке келтiрiлген кез келген күмәндар, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнаманы қолдану кезiнде туындайтын күмәндарды қоса алғанда, өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған тұлғаның пайдасына түсiндiрiлуге және шешiлуге тиіс.

Жаза орындалған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңсыз қаулының күші жойылғаннан немесе өзгертілгеннен кейін жаңа жаза тағайындау әкімшілік жауаптылыққа қайта тарту болып табылмайды.

Соттардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу бойынша ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету және соттар мен органдардың (лауазымды адамдардың) мұндай қызметі туралы ақпаратты азаматтар мен ұйымдардың алу құқықтарын іске асыру үшін қажетті жағдайларды жасағаны жөн.