«Адал азамат» бағдарламасы аясында этносаралық келісім мен діни тұрақтылықты нығайту

Адал азамат

Этносаралық қарым-қатынасты нығайту және дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету – қоғамдағы бейбітшілік пен бірліктің негізгі кепілі. Қазақстан көпэтносты және көпконфессиялы мемлекет ретінде халықтар арасындағы өзара сыйластық пен түсіністікті сақтауға ерекше мән береді.

Этносаралық келісімді нығайту үшін әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрлеріне құрмет көрсету, ортақ құндылықтарды дәріптеу және толеранттылық мәдениетін қалыптастыру маңызды. Білім беру ұйымдарында достық, бірлік, патриотизм тақырыптарында іс-шаралар өткізу жастардың өзге этностарға деген құрметін арттырады. Сонымен қатар мемлекеттік тілдің қоғамды біріктіруші рөлін күшейту де этносаралық татулықты нығайтуға ықпал етеді.

Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін діни сауаттылықты арттыру, дәстүрлі рухани құндылықтарды насихаттау және экстремизм мен радикализмнің алдын алу шаралары жүзеге асырылады. Жастарға зайырлы мемлекет қағидаттарын түсіндіру, дін мамандарымен кездесулер ұйымдастыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға көмектеседі.

Қоғамдағы татулық пен келісім – ел дамуының басты шарты. Сондықтан этносаралық және конфессияаралық бірлікті сақтау әр азаматтың ортақ міндеті болып табылады.

Осы  орайда Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Төлеби аудандық филиалы мен аудандық ішкі саясат бөлімінің бірлесе ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында этносаралық қарым-қатынасты нығайту және дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Ленгер қаласына қарасты №8 жалпы білім беретін мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Қайсар Мырзабай, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Төлеби аудандық филиалының маманы Азизхан Байсеитов, аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сеит Бекмұрзаев, аудандық ақпараттық-насихаттық топ мүшесі Нұржан Иманалиев, аудандық жастар ресурстық орталығының психолог маманы Меруерт Оразбай және мектеп оқушылары қатысты.

Кездесу барысында жастар арасында татулық пен бірлікті сақтау, өзге этнос өкілдеріне құрметпен қарау, діни сауаттылықты арттыру және жат діни ағымдардың алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар оқушыларға зайырлы мемлекет қағидаттары, қоғамдық келісімнің маңызы және ұлттық құндылықтарды дәріптеу жөнінде ақпараттар берілді.

Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастыру, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, қоғамдағы тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау болып табылады.

Қорытындылай келе, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өткізілген түсіндірме жұмыстары жастардың бойында бірлік пен татулық құндылықтарын қалыптастыруға, этносаралық сыйластықты нығайтуға және діни сауаттылықты арттыруға бағытталды. Осындай кездесулер жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеп, қоғамдағы тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтауға үлкен үлес қосады. Сонымен қатар, оқушылардың жат ағымдардың ықпалынан сақ болып, ұлттық және рухани құндылықтарды құрметтеуіне ықпал етеді.