Адам құқықтарын өрескел бұзу тақырыбында семинар өткізді

Адам саудасы – бұл ауыр қылмыс және адам құқығын өрескел бұзу болып табылады. Жыл сайын мыңдаған адамдар үйде де, шетелде де адам саудагерлерінің қолына түседі.

Адамзат тарихындағы ең әділетсіз, адам құқығы тапталған  және аяусыз мәселе – адам саудасы. Әлемдегі адам саудасы құрбандарының 70 пайыздан астамын нәзік жандылар, яғни әйелдер мен қыздар құрайды. Ал жалпы құрбандардың үштен бірі балаларға қатысты болып отыр.

8-қараша сағат 11:30-да Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті «Құқықтану» кафедрасы «Жас заңгер» үйірмесінің ұйымдастыруымен «Сана Сезім» әйелдер бастамалық құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігінің қызметкерлері Худайшукурова Р., Сүгіралиева Б. суденттерге «Адам саудасы: адам құқықтарын өрескел бұзу» тақырыбында семинарын өткізді. Семинар барысында оқытушы Қожахметова Ж.Т. қоғамдық бірлестіктің қызметкерлерімен студенттерді таныстырып, қазіргі таңдағы аталмыш тақырыптың қоғамдағы өзектілігін атап өтті.

Студенттерге адам саудасы құрбандары қылмыстарымен айналысатын ұйымдық топтардың өз ойларын жүзеге асыру үшін алдын ала жоспарлайтын іс-әрекеттері, сондай-ақ осы қылмыстық топтардан сақтану шаралары туралы презентация мен видеороликтер көрсетілді. Семинар барысында аталмыш тақырыпты тереңірек талқылау мақсатында арнайы ойындар ұйымдастырылып, сұрақтарға жауап берген оқытушылар мен студенттерге қоғамдық бірлестік тарапынан сыйлықтар берілді. Семинарға университетіміздің тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры Садықов Берік Қадырқұлұлы және кафедра оқытушылары белсенді қатысып, студенттерге адам саудасы қылмыстарының алдын алу үшін сақтану шараларын қосымша айтып түсіндірді.

Семинар соңында «Құқықтану» кафедрасының мегерушісі з.ғ.к. Сабиров А.И. келген қоғақтарға алғысын білдірді.