Алименттерді сондай-ақ мемлекет кірісіне сомаларды өндіріп алу бойынша семинар өтті

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары Балжан Алипбектің төрайымдылығымен Түркістан облысы бойынша алименттерді сондай-ақ мемлекет кірісіне сомаларды өндіріп алу мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының сот актілерін орындау тиімділігін арттыру бойынша семинар өтті.Аталған шараға Түркістан облыстық сотының, Түркістан облысы прокуратурасының, Түркістан облысының Полиция департаментінің, Түркістан облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері, Түркістан облысының жеке сот орындаушылар өңірлік палатасың басшысы және жеке сот орындаушылары мен мемлекеттік сот орындаушылары қатысты.Шара барысында алимент өндіру санатындағы атқару өндірістері бойынша Түркістан облысының жеке сот орындаушылар өңірлік палатасымен жасалынатын жұмыстар мен мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының сот актілерін орындау тиімділігін арттыру туралы баяндама жасалды.Сонымен қатар, сот актілерін орындау барысында негізгі мәселердің бірі борышкерлерді жұмыспен қамту мәселесі. Түркістан облысының Әділет департаменті, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және Түркістан облысы жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы арасында алимент берешегі бар тұлғалардың еңбекпен қамтылғандардың саны туралы салыстыру актілері жасалған. Ағымдағы жылдың тамыз айының бүгінгі таңға дейін облыс көлемінде барлығы 18 жәрмеңке ұйымдастырылып, берешегі бар 171 тұлға жұмыспен қамту орталығына тіркелген. Оның 163-і жұмыспен қамтылса, 8-і ұсынылған жұмыстан бас тартқан.

Тұркістан облысының Әділет департаменті