«Альфа» есімді иттің көмегімен қылмыс ашылды

2021 жылдың 2 наурызында Қаратау аудандық полиция басқармасына қаладағы жауапкершілігі шектеулі серіктестік өкілі арызданған. Ол өз арызында, Шымкент қаласы Тұран мөлтекауданында орналасқан 9 қабатты яғни құрылысы аяқталмаған үйден белгісіз тұлғалар жасырын түрде 63 метр мыс кабельдерін ұрлап кеткенін көрсеткен.
Шымкент қалалық Полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасының қызметкерлерінің жедел-іздестіу іс-шараларын жүргізу барысында күдікті азамат анықталып, ұсталды. Күдікті азаматты табуға Кинология қызмет орталығының «Альфа» есімді қызметтік иті көмектесті. Иісшіл иттің көмегімен ұрланған заттар табылды.

Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент қаласы Полиция Департаментінің Баспасөз қызметі