Алғаш рет балалар ауруханасы жанынан сәулелі диагностикалық орталық ашылды

Шымкентте алғаш рет «Асар» шағын ауданындағы қалалық балалар клиникалық ауруханасында сәулелі диагностикалық орталық ашылды. Орталықтың ерекшелігі сол мұндағы мамандар қажеттілікке байланысты кішкентай пациенттерді көрсеткіштеріне қарай МРТ, КТ сынды аппараттардан диагностикалық т ексеруден өткізе алады. Жаңадан ашылған орталық соңғы заманауи үлгідегі емдеу-диагностикалық жабдықтармен қамтылған. Мұнда науқастар МРТ, КТ, Рентген, УДЗ, ЭКГ, ЭЭГ-сынды аппараттары арқылы тексеруден өте алады. « 2021 жылы ауруханаға жергілікті бюджет есебінен МРТ 1,5 тесла аппаратын алған болатынбыз. Сол аппарат жұмысқа толығымен іске қосылды. Мұнан бөлек қажетті жабдықтардың барлығы бар, Сәулелі диагностикалық орталықта пациенттерге уролог, травматолог, нейрохирург, пульмонолог, аллерголог, ревматолог, отолариноларинголог, невролог, кардиолог сынды бейінді мамандары қабылдап, қажетті медициналық көмек көрсетеді. Емханадан келген жолдама арқылы тексеру жұмыстары тегін жүргізіледі. Қазір мамандар күніне 150-ге жуық пациентті қабылдауда»-дейді қалалық клиникалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Байдуллаев Ержан. Балалар ауруханасының қабылдау бөлімшесіне түскен науқастар денсаулық қажеттілігіне байланысты кезексіз сәулелі диагностикалық орталықта тексеруден өтеді, мұнан бөлек күндізгі стационарда ем алуына жағдай жасалған.Айта кетейік, 2020 жылдан бастап қалалық клиникалық балалар ауруханасында педиатриялық көмекті орталықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Ауруханада онкогематология, хирургия және травматология бөлімшелерінен, балалар торакальды хирургиясы, урология, балалар нейрохирургиясы, комбустиология (күйік жарақаты), ЛОР, кардиолог, эндокринолог мамандары дайындалып, қайта бейімдеу жұмыстары жүргізілген. Бүгінде жаңа туған нәрестелерге сапалы нейрохирургиялық операциялар жасалып жүр. Сондай-ақ, нейроэндоскопиялық операциялар мен туа бітті және жүре пайда болған сколиоз дертіне ота жасау қолға алынды. Нәтижесінде ауыр дертке шалдыққан науқастарды Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласына жібермей-ақ балалар дәрігерлері күрделі оталарды өздері жасап, оң нәтижеге қол жеткізуде.

Шымкент қаласының денсаулық басқармасы