Алғыс айту күні аталып өтілді

Бүгін Түркістан облысының Әділет департаменті «1 Наурыз – Алғыс айту күніне» орай салтантатты жиын өткізді.Мерекелік шарада Департамент басшысының міндетін атқарушы Балжан Алипбек еңбегімен ел құрметіне бөленген ерен еңбекті ардагер Рыспаева Шынар Қазбекқызына сый құрмет көрсетіп, алғыс хатпен марапаттады. — “Алғыс- адамның адамға жасаған жақсылығы, көңілі, көмегі үшін ризашылық білдіру, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.Бұл айтулы күн баршамыз үшін қымбат мереке. Өйткені, ел бірлігі мен татулығы — басты байлығымыз саналады. Сондықтан біз ортақ құндылық пен бірлігіміз үшін бір-бірімізге алғыс айтуымыз керек”,- деді Балжан МадиқызыСонымен қатар, барлық қызметкерлерді мерейлі мерекемен құттықтай отырып, қызметтегі еңбектері үшін сондай-ақ, өңірдің өсіп-өркендеуіне және қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан үлестері үшін шараға қатысушаларға мың алғыс айтты.Сонымен қатар, құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Н.Ербекешов пен зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Ө.Жолдыбаев барлық қызметкерлерді мерекемен құттықтады.

Түркістан облысының Әділет департаменті