Анар Жаилғанова мемлекеттік басқару тұжырымдамасының негізгі тұстары туралы айтып берді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанованың қатысуымен Мемлекет басшысы бекіткен Мемлекеттік басқару тұжырымдамасына арналған баспасөз конференциясы өтті деп хабарлайды мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі.

«Тұжырымдама азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимылын жақсартуға, мемлекеттік жоспарлаудың тиімділігін, мемлекеттік қызметтің кадр құрамының сапасын арттыруға, мемлекеттік қызметтер көрсетудің белсенді форматына көшуге, реттеушілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіруге, сондай-ақ сот және құқық қорғау жүйелерін трансформациялауға бағытталған»-деді Анар Жаилганова.
Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі «халық үніне құлақ асатын», тиімді, есеп беретін, кәсіби және прагматикалық мемлекет қағидаттарына негізделетін болады.
Сондай-ақ, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде таланттарды іздестіру және оларды республикалық деңгейде мемлекеттік қызметке тарту жөніндегі тетіктер жетілдірілетінін атап өтті.
Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметке талантты жастарды тарту және мемлекеттік аппараттың әлеуетін арттыру үшін Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуді одан әрі жүйелеу бойынша жұмыс жалғасатын болады. Атап айтқанда, ағымдағы жылы Президенттік резервке екінші іріктеу өтеді.
Мемлекеттік қызметтегі проблемаларының бірі- мемлекеттік органдарда профильдік және бірегей мамандарының жетіспеушілігі болып қалуда, қажетті құзыреттері бар осындай адамдарды тарту үшін, меритократия қағидаттарын сақтай отырып, «позициялық» модельдің элементтері кеңейтілетін болады.
Іріктеу рәсімдерін одан әрі жетілдіру кезінде кандидаттардың, оның ішінде жұртшылық пен сарапшыларды тарта отырып, кәсіби және жеке құзыреттерін бағалауға баса назар аударылады.
Сондай-ақ жекелеген саяси лауазымдарға кандидаттардың құзыреттерін бағалау үшін ассесмент-орталық әдісі енгізілетіні туралы айтылды.
Іріктеудің барлық кезеңдері автоматтандырылады, бұл іріктеу процестерінің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ кандидаттарды проактивті түрде іздеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Тағы бір жаңашылдық — келісімшарттық мемлекеттік қызметшілер институтын енгізу. Бұл мемлекеттік бастамалар мен салалық жобаларды іске асыру кезеңінде арнайы білімі бар кәсіби мамандарды тартуға мүмкіндік береді.
Аталған міндеттер персоналды басқару қызметтерінің өкілеттіктері мен мәртебесін қайта қарауды және олардың дербестігі мен жауапкершілігін арттыруды талап етеді. «Кадрлық стратегия» және «кадрлық жоспарлау» сияқты ұғымдар енгізілетін болады.
«Кадрлық жұмыстан адами ресурстарды басқаруға көшу персоналды басқару қызметтерін күнделікті жұмыстан босатуды және олардың қызметін цифрландыруды талап етеді. Осы мақсатта біз операциялық кадрлық процестерді оңтайландыруға және автоматтандыруға мүмкіндік беретін «iQyzmet» ақпараттық жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз»-деді Анар Жаилғанова.
Брифинг барысында «Орталық» пен өңірлер арасында білікті мамандарды бөлудегі теңгерімсіздік (қабілетті кадрлар орталықта жұмыс істеуге тырысады) және министрліктердің мемлекеттік қызметшілерінің жергілікті жерлердегі жағдайды білуінің жеткіліксіздігі байқалатыны айтылды.
Ведомство басшысы Анар Жаилганованың айтуынша «орталықта» жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мемлекеттік қызметшілердің үлесі өңірлерде ұқсас көрсеткіштен 4,6 есе жоғары («орталықта» — 16,6%, өңірлерде – 3,6%); «Болашақ» бағдарламасын бітірушілер – 29 есе («орталықта» – 4,5%, өңірлерде – 0,2%); Мемлекеттік басқару академиясының түлектері – 14 есе жоғары («орталықта» — 5,3%, өңірлерде – 0,4 %).
Осыған байланысты, Агенттік орталық пен өңірлердегі мемлекеттік қызметшілердің еңбек жағдайларын теңдестіру бойынша бірқатар шаралар әзірлеуде. Бұл, мысалы, орталық пен аймақтар арасындағы және мемлекеттік басқару жүйесіндегі иерархия арасындағы жалақыдағы сәйкессіздіктерді азайтатын ФБШ (факторлы балдық шкала) жүйесі.
Мемлекеттік аппараттағы жұмыстың тартымдылығы әлеуметтік пакетті қайта қарау есебінен де артатын болады.
Сондай-ақ, қызметкерлерді бағалаудың «360 градус» әдісін сандық режимде қолдану қамтамасыз етіледі, онда қызметкерге оның басшылары, қарамағындағы қызметкелері және басқа да мүдделі тараптар жасырын түрде этикалық баға береді.
«Сонымен бірге, «жаңа формация басшысы» бағдарламасын іске асыру арқылы трансформациялық көшбасшылар институты дамитын болады», — деп түйіндеді өз сөзін Агенттік Төрағасы.

О ключевых моментах концепции госуправления рассказала Анар Жаилганова

Состоялась пресс-конференция с участием председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы Анар Жаилгановой, посвященная утвержденной Главой государства Концепции государственного управления передает пресс-служба Агентства РК по делам государственной службы.

«Концепция направлена на улучшение взаимодействия граждан с государством, повышение эффективности государственного планирования, качества кадрового состава государственной службы, переход на проактивный формат оказания госуслуг, совершенствование регуляторной и антикоррупционной политики, а также трансформацию судебной и правоохранительной систем» — отметила Анар Жаилганова.
Новая модель государственного управления будет основана на принципах «слышащего», эффективного, подотчетного, профессионального и прагматичного государства.
Также председатель АДГС Анар Жаилганова сообщила, что в рамках реализации Концепции будут усовершенствованы механизмы по поиску и привлечению талантов на государственную службу на страновом уровне.
Также будет продолжена работа по дальнейшей систематизации отбора в ПМКР для привлечения талантливой молодежи и повышения потенциала госаппарата. В текущем году состоится второй отбор в Президентский кадровый резерв.
Одной из проблем государственной службы остается недостаток профильных и уникальных специалистов в госорганах, для привлечения таких людей, обладающих необходимыми компетенциями, будут расширены элементы «позиционной» модели, но с сохранением принципов меритократии.
Кроме того, заявлено о внедрении метода ассессмент-центра для оценки компетенций кандидатов на отдельные политические должности. Все этапы отбора будут автоматизированы, что также обеспечит объективность и прозрачность рекрутинговых процессов, а также позволит осуществлять проактивный поиск кандидатов.
Еще одно новшество — введение института контрактных госслужащих, что позволит привлекать профессионалов со специальными знаниями на период реализации государственных инициатив и отраслевых проектов.
Поставленные задачи требуют пересмотра полномочий и статуса Служб управления персоналом и повышения их самостоятельности и ответственности. Будут внедрены такие понятия, как «кадровая стратегия» и «кадровое планирование».
«Переход от кадровой работы к управлению человеческими ресурсами потребует освобождения Служб управления персоналом от рутинной работы и цифровизации их деятельности. В этих целях нами ведется работа по созданию информационной системы «iQyzmet», которая позволит оптимизировать и автоматизировать операционные кадровые процессы» — сообщила Анар Жаилганова.
Отмечена тенденция к дисбалансу в распределении квалифицированных специалистов между «центром» и регионами (способные кадры стараются трудоустроиться в центре), и недостаточным знанием ситуации на местах госслужащими министерств.
Как отметила руководитель ведомства Анар Жаилганова, «доля госслужащих с послевузовским образованием в «центре» превышает аналогичный показатель в регионах в 4,6 раза (в «центре» — 16,6 %, в регионах – 3,6%); выпускников программы «Болашак» – в 29 раз (в «центре» – 4,5%, в регионах – 0,2%); Академии государственного управления – в 14 раз (в «центре» — 5,3%, в регионах – 0,4 %)».
В этой связи, Агентством разрабатывается ряд мер по приближению условий труда госслужащих в центре и регионах. Это, например, система – Факторно-балльная шкала, которая сокращает существующие диспропорции в оплате труда между центром и регионами и между иерархией в системе государственного управления.
Привлекательность работы в государственном аппарате будет повышаться также за счет пересмотра социального пакета.
Будет обеспечено применение в цифровом режиме этической оценки персонала «360 градусов», при котором такую оценку анонимно дают руководители, и подчиненные, и другие заинтересованные стороны.
«Также через реализацию программы «Руководитель новой формации» будет развиваться институт трансформационных лидеров» — резюмировала Председатель Агентства.