Қаламызда орналасқан қаласы Ж.Байғуттиева атындағы өнер мектебі қалалық мәдениет үйінің сахнасында есеп беру концертін өткізді. «Өнерім — Өрісім» атты мерекелік концерт Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына және Арыс қаласының 65 жылдық мерейтойына арналды. Арыс қалалық ішкі саясат бөлімі мен қалалық Адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен мерекелік концерт әдеттегідей жанды дауыста, жоғары кәсіби деңгейде өтті. Концертті тамашалауға қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Д.Егізбаев, өнерпаздардың ата – аналармен қоса, ақын –жазушылар, журналисттер, қосымша білім беру мекемелерінің және жалпы білім беру мектептердің басшылары қатысты.Айтулы іс-шарада қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен және қаламыздың 65 жылдық мерейтойымен құттықтап, өнерпаздарға сәттілік тіледі. — Қаламыздағы Жанар Байғуттиева атындағы өнер мектебі талай таланттардың баптап өсіруде. Бүгінде өнер мектебі ән мен күйді әуелетіп қана қоймай, өнерге қанат қаққан өнерлі өрендерімізді домбыра, қобыз, баян, фортепиано және вокалдық ән айту сынды мамандықтар бойынша даярлайды. Алдағы уақытта ескі өнерді тірілтіп, жаңа заманға алып шығатын, қазақтың халық өнерін жаңғыртатын, Арыстың ғана емес Қазақтың атын әлемге шығаратын шәкірттер шығуына тілектеспін – деді Р.Айтбаев.Іс-шарада сөз сөйлеген ішкі саясат бөлімінің басшысы Д.Егізбаев қаламызда жастар үшін көптеген жағдайлар жасалғанын айта келе, Арыстан талай әлемдік деңгейдегі өнерпаздар шығатынына сенім білдірді.Жылдық есеп беру концертінде осы мектептің оқушылары мен олардың ұстаздары өнер көрсетті. Сонымен қоса өнер мектебінде оқитын оқушылардан құралған балалар хоры, қобызшылар дуэті, домбырашылар ансамблі, фортепианошылар, вокалшылар сынды көптеген республикалық дәрежедегі байқауларда жеңімпаз атанып жүрген шығармашылық ұжымдар қатысты. Кеш қонақтары арыстық өнерпаздардың шығармаларын жоғары бағалап, жақсы әсер алып қайтты.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі