Қала әкімінің орынбасары тағайындалды

Түркістан облысы әкімдігінің конкурстық комиссиясы шешімінің негізінде Арыс қаласы әкімінің өкімімен Ерлан Бастарұлы ЕСҚАРАЕВ Арыс қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова Ерлан Бастарұлын жаңа ұжымға таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.Айта кетейік, Ерлан Бастарұлы 1989 жылы 26 ақпанда дүниеге келген. Жоғары білімді. Экономика ғылымдарының магистрі.- Еңбек жолын 2007 жылы «Ар Нұр Кредит» микрокредиттік ұйымы ЖШС-нің кредиттік менеджері болып бастаған;- 2007-2008 жылдары Кентау қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекші маманы;- 2008-2011 жылдары Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекші маманы, бас маманы;- 2011-2016 жылдары – Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі әлеуметтік-экономикалық жоспарлау және инвестициялық саясат секторының меңгерушісі;- 2016-2018 ж.ж. – Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары;- 2018-2021 ж. – Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары;- 2021 жылдың 17 қыркүйегінен Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі