Қос мереке қарсаңында неке қию рәсімі өтті

«Отан – отбасынан басталады» — десек, отбасын құру адам өмірінің маңызды кезеңдерінің бірі болып саналады. Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру әрбір ата-ананың басты арманы мен мақсаты екені баршамызға аян. Отбасы – бұл екі жастың шаңырақ көтеріп, сол шаңырақтың отын жағып, берекесін кіргізіп, дүниеге перзент әкелу.Осы орайда, бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Арыс қаласының 65 жылдығы мерекелеріне орай, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексіне сәйкес, неке қию рәсімі өтті.Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Д.Налибаев, бас маман Ұ.Набиева мен қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ш.Нұртазаевалар қатысқан салтанатты шарада, жас жұбайлар Арап Бақдәулет Қасымбекұлы мен Сейдалы Ақерке Ғабитқызына, Ысрайыл Бекзат Әуелбекұлы мен Бибасар Айгерім Әміртайқызына, Күдербеков Ерлан Базарбайұлы мен Оңал Назира Есмұрзақызына, Ержігітов Тимур Қайратұлы мен Қадырқұлова Гүлнұр Бегалқызына неке қию куәліктері табыс етілді.Салтанатты шара барысында жас жұбайларға отбасылық бақыт-береке мен ақ тілектер айтылып, еліміздің одан әрі гүлденуіне атсалысуыларына шақырды.Жас отбасылар заманауи үлгідегі салтанатты ғимаратта некелерінің қиылып, көтеріңкі көңілді күйде болғандары үшін, қала басшылығына алғыстарын білдірді.Ел игілігі жолындағы келелі істер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі