«Атамекен» ҰКП Төралқасының жаңа төрағасы сайланды

Райымбек Баталов «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының төрағасы болып сайланды.

«Атамекен» ҰКП кезектен тыс ІХ съезінде Райымбек Баталовтың кандидатурасын Ұлттық палатаның Төралқа мүшелері ұсынды. Съезд делегаттары дауыс берді. Олардың 255-сі қолдады, 9-ы қарсы болды, 38-і дауыс беруден бас тартты.

«Палатаны реформалау үшін күш-жігерімді салатыныма уәде етемін. Бәріміз жаңа Палатада жұмыс істейтінімізге сенімдімін. Жұмыс істейік», – деді Райымбек Баталов.

Сондай-ақ, Съезде Палатаның басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов өз еркімен қызметтен кетінін айтты. Ол ауылға барып, елдегі кәсіпкерлерге қолдай көрсететінін жеткізді.

«Құрметті азаматтар. Араларыңызда қаламын. Мен жақында бір сұхбатымда айттым, өзім ауылда өскенмін, қаным қазақ, жаным ашиды. Осы қоғамдық жұмыспен елге барамын. Қазақ балаларын жұмысқа тартамын. Қолымнан келгенше бар жинаған тәжірибемді, білімімді, жігерімді соған жұмсаймын. Сіздерге көп рақмет, аман-саулықта кездесейік», – деді Абылай Мырзахметов.

Сонымен қатар, Съезд делегаттары Төралқаның жаңа мүшелерін сайлады. Съезге қатысып отырған делегаттардың 216-сы қолдады, сондай-ақ 48-і қарсы болды және 44-і дауыс беруден бас  тартты.

Айта кетейік, «Атамекен» ҰКП Төралқасында 51 мүше бар.

2022 жылғы 18 ақпандағы кезектен тыс ІХ Съезде сайланған «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының жаңа мүшелері 

Аты-жөніҰйымСала
 Әбдірахманов Теміржан ҚайратұлыӨнеркәсіп кәсіпорындары жеткізушілерінің қазақстандық қауымдастығыШОБ (мемлекеттік сатып алу)
 Әлиев Болатбек  НажметдинұлыDALA-FRUIT.KZ компаниялар тобыАуыл шаруашылығы
 Бакқожаев Анас АхатұлыҚазақстан ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ұлттық одағыАуыл шаруашылығы  (ШОБ)
 Баталов Райымбек ӘнуарұлыҚазақстан кәсіпкерлерінің форумыШОБ
 Жандосов Ораз ӘлиұлыҚазақстан экономистерінің қауымдастығы 
 Жаркенов Тимур Зейілұлы «ISKERMEN» өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағыШОБ
 Жүсіпов Шалқар АманғосұлыҚазақстан микроқаржы ұйымдарының қауымдастығыҚаржы (ШОБ)
 Қаниев  Берік Сералиұлы«Lancaster Group Kazakhstan» АҚ «Республикалық физика-математика мектебі» КЕҰІрі бизнес
 Құлтекенов Қайыржан  Климентьевич «ҚазКомСервис» ЖШСІрі бизнес (мұнай сервис)
 Қыдырбаев Думан  Нұрланұлы Қазақстан халқы ассамблеясының кәсіпкерлер қауымдастығыШОБ
 Неталиев Сұлтан  Дүйсенғалиұлы «Олжа» АҚІрі бизнес (Логистика)
 Омашев Қайырлы БейсенұлыҚылшық жүнді және жартылай ұяң жүнді тұқымды қойлардың республикалық палатасыАуыл шаруашылығы  (ШОБ)
 Проценко Игорь АлександровичӨңдеу өнеркәсібінің одағыӨнеркәсіп (ШОБ)
 Шайкенова Рашида РашидқызыҚазақстан туристік қауымдастығыҚызмет көрсету (ШОБ)
 Шестаков Геннадий Алексеевич Қазақстан кеден брокерлерінің қауымдастығыҚызмет көрсету (ШОБ)
 Шмонина Валентина ВладимировнаҚостанай облысындағы кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу қауымдастығыӨңір (ШОБ)

Назерке Бауыржанқызы НПП «АТАМЕКЕН» қоғаммен байланыс Департаменті директорының орынбасары