Аудан ажары артып келеді

Ордабасы ауданында тындырымды тірлік көп. Ауданының бюджеті 2021 жылмен салыстырғанда 4 миллиард теңгеге артқан. Оның барлығы дерлік ауыл-аймақтардың инфрақұрылымын дамытуға негізделіп отыр екен. Әсіресе елді мекендерді ауыз сумен қамту, жарықтандыру, жол жабындысын төсеу мен газдандыру, елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

         Аудан әкімі Бағлан Батыршаевтың тікелей тапсырмасымен ауданның бес жылдық даму жоспары жасалып, барлық сала бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл ретте ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартып, ауылдарды тұрақты дамытуға негізделген мемлекеттік «Ауыл ел бесігі» бағдарламасын атап өткен жөн. Осы жобаның аясында қыруар қаржы бөлініп ынтымағы мен бірлігі жарасқан аудан халқының тұрмысы жақсарып келеді.Ордабасы ауданындағы 57 елді мекеннің 48-і сапалы ауыз сумен қамтылған. Биылғы жылы 6 бірдей ауылда құбыр тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.Құрылыс біткенде 54 елді мекен толық тіршілік нәрімен қамтылады. Көрсеткіш халық санымен есептегенде 99 пайызға жетпек.

         Мемлекетіміздің ең басты құндылығы –Халық болса сол азаматтардың  денсаулығы басты назарда  тұрғаны анық. Бұл  мақсатта аудан аумағында қазіргі таңда тұрғындарға алғашқы медициналық көмек қолын созатын 7-бірдей фаптың құрылысы жүргізіліп жатыр екен. Оның екеуі мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясындағы құрылыс.  Оған қоса аудан көлеміндегі үш ауысымдағы мектептердің мәселесін шешу мақсатында бұл салаға да жеке инвесторларды тарту ісі қарқынды жүргізілуде. Атап айтар болсақ Ордабасы ауданында үш мың балаға арналған 6 бірдей білім ұясы салынып жатыр екен. Оның 4-еуі жеке меншік мектеп.

         Елді мекендер мен ауыл-аймақтарды көркейту-көрітендіру жұмыстары да жүйелі жалғасын тауып келеді. Бір сөзбен айтқанда аудандағы 57 елді мекенді коммуналдық қызмет түрлерін жақсарту жағы басты назарға алынған. Тозығы жеткен жолдар жөнделіп, асфалттар төселіп, аяқжолдар салынуда. Ішкі орам жолдарына кезең-кезеңімен  жабынды төсеу жұмыстары атқарылуда.

Ntime.kz