Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылдық округіндегі «Gen Group Kazakstan» ЖШС-ң жылажай кешені 5,3 га аумаққа банан өсіріп жатыр. Серіктестік иесі Ислам Алиевтың айтуынша, 1-2 ай көлемінде алғашқы өнімнің дәмін татып көруге болады. Түркиялық технологиялар негізінде іске қосылған жылыжайға 7400 түп банан ағаштары былтыр отырғызылған болатын.
Жылына 1 000 тоннаға дейінгі өнім алуды жоспарлап отырған кешенде бүгінде 150 адам жұмыс істейді. Бұл өнім Қазақстанның ішкі нарығын қамтуға бағытталмақ. Бүгінде Сайрам ауданында бананнан бөлек, лимон, құрма сынды экзотикалық жемістер де өнім беріп отыр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі