Сайрам ауданында Ұлттық киім ұлықталды

Ұлттық киім ұлықталды

18 наурыз – Ұлттық киім күні қарсаңында аудан әкімі Арман Сәбитовтің бастамасымен аудандағы барша мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде аудан әкімі аппаратының ұжымы, аудандық дербес бөлімдердің басшылары мен мамандары, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері мен мамандары жұмысқа ұлттық киім киіп келді. Осылайша ұлттық болмысымызды, мәдениетіміз бен дәстүрімізді нығайтатын кез келген бастаманы қолдайтынын танытты.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі