Үздік журналист байқауы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған үздік журналистік жұмыстарға БАҚ өкілдерінің арасында өтетін байқаудың ЕРЕЖЕСІ

Сайрам аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында үздік журналисттік жұмыстар байқауын жариялайды.

Мақсаты – БАҚ өкілдері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта үздік журналистік жарияланымдар арқылы иннновациялық идеяларды, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа тартуда сыбайлас жемқорлықпен күресте қолдау көрсету.

Кім қатыса алады?

Байқауға ниет білдірген Сайрам ауданының журналистері (оның ішінде, республикалық, облыстық БАҚ-ң аудандағы меншікті тілшілері және штаттан тыс), блогерлер қатысуға құқылы.

Байқауға баспа және электронды БАҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға бағытталған позитивті жарияланымдар (эссе, шығарма т.б) қабылданады.

Қойылатын талаптар

Байқауға тек өзіндік материалдар (эссе, шығарма т.б) ұсынылады. Конкурстық материалдар авторлық құқық, баспа, зияткерлік меншік туралы заңнама талаптарына сәйкес болуы қажет.

Байқауға мемлекеттік тілдегі материалдар ұсынылу қажет.

Байқау тақырыбына сәйкес емес және талаптарға сай келмейтін материалдар, ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жұмыстар байқауға жіберілмейді.

Автордың мақаласы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында немесе қызмет атқаратын мекемесінің парақшасында жариялану тиіс.

Жарияланымдар түпнұсқа немесе материалдардың ксерокөшірмесі түрінде (басылымның атауы, күні және автормен байланыс жасау мәліметтері толық көрсетіле отырып, сканерленген түрде) ұсынылуы тиіс.

Байқауға материалдарды ұсыну тәртібі

Ұсынылатын материалдарға мыналар қоса беріледі: журналист туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, автордың фотосуреті, ақпараттық материалдар.

Байқауға қатысу үшін өтінімді толтырып, материалдар түпнұсқада немесе электрондық нұсқада ағымдағы жылдың 01 қарашаға дейін ұсынылады (байқаудың жұмыс тобының мекен-жайына: Ақсукент ауылы, Жібек жолы көшесі №95Б үй, тел.нөмері; +7(701)4164416, немесе jalyn_konkurs_sayram@mail.ru, sayram_vp@mail.ru электронды пошталарына жолдауы тиіс).

Байқаудың қорытынды кезеңі

Жеңімпаздарды айқындау және сыйлықтарды тағайындау конкурс комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Байқау комиссиясы жұмысының тәртібі

Комиссия құқылы:

— осы байқау туралы ереженің талабына сәйкес келмеуі негізінде байқауға қатысушыны қабылдамауға;

— Байқау комиссиясы байқау жұмыстарының қорытындысы бойынша қабылданған шешім туралы түсінік беруге міндетті емес.

Комиссия міндетті:

— Байқауға қатысушылардың барлығына бірдей жағдай жасауға;

— Байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз етуге;

— Байқау қорытындысы туралы мәліметтерді алдын ала жариялануына жол бермеуге.

Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты:

Ақсукент ауылы, Жібек жолы көшесі №95Б үй, тел.нөмері; +7(701)4164416 Ғабит Мәлібек, электронды пошта: jalyn_konkurs_sayram@mail.ru, sayram_vp@mail.ru.