«Борышкер» іс-шарасы

Әкімшілік құқық бұзушылық — мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, азаматтардың жеке меншігіне, құқылары мен бостандықтарына, белгіленген басқару тәртібіне нұқсан келтіретін кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік. Бұл үшін арнаулы заңдарда әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген.                                                                                                      

Ағымдағы жылдың 6-11 желтоқсан аралығында Түркістан қаласының аумағында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оның негізгі мақсаты — әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі қаулылардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету және төленбеген айыппұлдар бойынша борышкерлерді анықтау жұмысын жандандыру.

Іс-шара кезінде полиция мен сот орындаушыларынан  мобильді топтар  құрылды, олар борышкерлердің көлігін тоқтатып, төленбеген әкімшілік айыппұлдарының бар-жоғын тексеруде. Егер анықталған жағдайда автокөлік құралдары айыптұраққа орналастырылуда. Сондай-ақ тәртіп сақшылары автокөлік иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде, «Борышкер» шарасының алғашқы тәулігінде полицейлер көптеген  әкімшілік хаттама толтырып, айыппұлын төлемеген  жүргізушілердің көліктерін анықтап, айыптұраққа қойылды. Учаскелік полиция инспекторлары төленбеген әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу бойынша  ұйғарымдар жіберді.

Түркістан қаласы  полиция басқармасы  атап өткендей: «Түркістан облысы ПД басшылығының тапсырмасы бойынша облыс орталығы мен аудандарда «Борышкер» іс-шарасы өткізіледі. Іс-шараға полиция мен сот орындаушылары, сондай-ақ «Автоураган» жылжымалы кешендері мен «Қорғау» жүйесі тартылған. Олар деректер базасы бойынша көлік ағынында әкімшілік айыппұл төлеуден жалтарған адамдарды анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар жүргізушілерді салынған айыппұлдарды уақтылы төлеуге шақырамыз. Жолдарда абай болыңыз!».