Білімді жастар- еліміздің болашағы

Мен Аружан Досымқызы 2006 жылы 22 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келгем. Ата-анам жоғары білімді, белгілі маман иелері. Отбасымда ата-анам баланың тәрбиесіне үлкен көңіл бөліп, өнерімізге үлкен жауапкершілікпен қарайтын жандар. Сондықтан, заманауи талапқа сай білім алуымызға бағыт-бағдар беріп, үнемі қолдау көрсетіп келеді. «Бауырмен өмір мəнді» дегендей артымнан ерген Әмина атты сіңілім бар. 2012 жылы Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кентіндегі №13 Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектептің табылдырығын аттадым. Мен ерте жастан өте зерек болдым. Бесікті тербетіп отырып анам Абайдың әндерін айтатын. Анамның салған әнін тыңдап бойыма сіңіріп 3 жасымда Абайдың бірнеше әнін жатқа білетінмін. Әсіресе «Көзімнің қарасы» әнін нақышына келтіріп әдемі орындап жүреді екенмін. Бала күнімнен Эссе жазғанды ұнатамын, түйген ойымды дәптерге түртіп алып жүретін әдетім бар. Бастауыш сыныпта оқып жүргенімде бойымдағы дарынды байқаған ұстаздарым қолдау жасап мектепшілік, аудандық, байқауларға үнемі қатыстыратын. Киелі сахынаны жаным сүйеді. «Көркем сөз», «Вокал» номинациялары бойынша Республикалық, Халықаралық деңгейдегі байқауларға көп қатысып, жүлдері орындар иелендім. «Ұстазы жақсының – шәкірті үздік» дегендей бұл ретте ең алғаш бойымдағы дарынды байқап, бағыт-бағдар беріп, өнеріме қолдау жасап, тәрбиелеген Аққасова Зәуре ұстазыма алғысым шексіз. 

Бастауыш сыныпты аяқтап, Алматы қаласындағы №148 Мектеп-гимназияға «Ағылшын тілі» сыныбына қабылдандым, тілге деген қызығушылығым өте жоғары болғандықтан тілді жылдам әрі терең меңгеріп алдым. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» қағидасымен өмір сүремін. Бірақ бірнеше тіл білудің өзі – үлкен жетістік деп ойлаймын. Себебі тілдің құдіреті күшті, тіл білген адамға қай жағынан алсақ та мүмкіндіктер өте жоғары. Құқы тең, өздерінің пікірін еркін білдіре алатын ерікті азамат болып жүре аласың. Бірнеше тілді игерген  жастар егер жаңа ортаға тап болса, сол ортаның тілінде сөйлей алып, қағидаларын тез үйрене де алады. Міне осындай сәттерде бірнеше тілді игерген жастарға қай жерге барса да есік ашық деуге болады.  

«Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» дегендей, ән айтудың да қыр-сырын үйреткен Дузенова Жанат ұстазым үлкен қолдау жасап, өзі жетекшілік етіп, арнайы уақыт тауып, дайындық жүргізіп Республикалық, Халықаралық деңгейдегі байқауларға қатысып талабымды одан әрі шыңдай түстім. Мектептің ішіндегі «Мектеп мақтанышы» деген тақтада менің суретім ілулі тұрды. Бұл мен үшін үлкен жетістіктердің бірі болды.

 Мектепшілік іс-шаралар мен байқауларға да топ жарып қатысудан алдыма жан салмаймын. Көптеген іс-шараларға жүргізушілік те етемін. Ұйымдастырушылық қабілетім де өте жоғары болды. Сондай-ақ, «Спорт-денсаулық кепілі» деген ұстанымым да бар «Дзюдо» спорт секциясына да уақыт тауып қатысып жүріп, бірнеше жарыстарға қатысып жүлделі орындарды иелендім.

Жоғары сыныпта Іле ауданындағы ең үздік деген №28 мектеп-гимназияны таңдап, осы мектепке ауыстым. Ең үздік мектеп деп таңдауымның себебі, білім беру жағы терең де сапалы, жүйелі. Сондай-ақ мектептің тәрбиеге деген талабы өте жоғары. Ұстаз – келер күннің ұстасы. Балалардың қалыптасып келе жатқан дүниетанымының, өмірге деген көзқарасының иесі. Міне осындай ұлағатты ұстаздар шоғырланған мекеме болғандықтан осы мектепке таңдау жасадым. Мұнда жоғары білімді, білікті, тәжірибелі ұстаздар қызмет жасайды. Менің болашақ мамандығымды таңдауда жаңылмауыма осы ұлағатты ұстаздардың әсері, септігі тиеді деген үлкен үмітім бар. Міне биыл мен 11 сыныпта оқимын. Өмірімдегі үлкен жауапкершілікті кезеңде тұрмын. Бұл ретте Сұлтанмахмұт Торайғыровтың ұстазы Нұрғалиға арнаған «Шығамын тірі болсам адам болып» деген өлеңіндегідей мен де білім — ғылымға, өмірге деген құштарлығымды арттырып, ұстаздарым мен ата-анамның үміттерін ақтасам деймін. Сондықтан алдыма қойған мақсаттарым айқын, армандарым ұшан теңіз.  

Қадіржұма Аружан Досымқызы Алматы облысы, Бәйсерке ауылы, №28 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы