Бәйдібек ауданында «Сарқырама» су қоймасы салынады

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында «Сарқырама» су қоймасы салынады деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа жобаның құрылысы Ақбастау ауылдық округі аумағынан өтетін Бөген өзені бойынан жүргізіледі. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Бәйдібек ауданына барған жұмыс сапарында «Сарқырама» су қоймасы салынатын орынға барып, маңызды мәселені сала мамандарымен бірге талқылады. Облыс басшысы су қоймасының сыйымдылығын 50 млн текше ұлғайтуды ұсынды.

Түркістан облысының әкімі Бәйдібек ауданындағы бірқатар нысанды аралап, қарияларымен кездесті. Сапар барысында Мыңбұлақ ауыл округіне қарасты Қосбұлақ ауылында жаңадан бой көтерген 150 орындық мектепте болды. Заман талабына сай салынған нысан, биылғы жылдың тамыз айында ел игілігіне беріледі деп күтілуде. Жаңа мектептің құрылысы екі жыл бұрын басталған. 150 орындық мектепте балалардың жан-жақты оқып-жетілуі үшін барлық жағдай жасалынатын болады.

Аймақ басшысы мал шаруашылығын дамыту бойынша енгізілген жаңа технология арқылы «Ақылды жайылым» жұмысымен танысты. Бәйдібек ауданы Жамбыл ауылындағы «Молшылық» шаруа қожалығы он жылдан бері мал шаруашылығымен айналысады. Жайылымдық жерді тиімді пайдаланудың жолы — ақылды жайылым. «Ақылды жайылым» жобасы аясында күннен энергия алатын құрылғымен энергетикалық қоршау жасалынған. Төрт түлік сол қоршаудың ішінде ғана жайылады. Бұл шағын жерді бірнеше бөлікке бөліп, малдың кезек — кезек орнын ауыстырып, жайылымдық жерді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Ауданға жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы Мыңбұлақ елді мекеніндегі табиғи газ жүйесінің қазіргі жағдайын және газ құбырларын жүргізу жоспарларымен танысты. Бүгінгі таңда аудан аумағында орналасқан 10 елді мекен табиғи газбен қамтылған. Сондай-ақ, биыл құрылысы жүргізіліп жатқан 7 елді мекен табиғи газбен қамтылады деп жоспарланып отыр.

Мыңбұлақ елді мекеніне 2019 жылдан бері газ құбырының құрылысы жүргізілуде.

Водохранилище «Саркырама» построят в Байдибекском районе

Реализация нового проекта будет идти по реке Боген на территории Акбастауского сельского округа передает пресс-служба акима Туркестанской области.

Аким Туркестанской области Умирзак Шукеев в ходе рабочей поездки в Байдибекский район посетил место строительства водохранилища «Саркырама». Глава региона предложил увеличить емкость водохранилища на 50 млн. м3.

Аким Туркестанской области посетил ряд объектов в Байдибекском районе. Он встретился с аксакалами, посетил новую школу на 150 мест в селе Косбулак Мынбулакского сельского округа. Объект планируется сдать в августе текущего года. Строительство новой школы началось два года назад. Здесь будут созданы все условия для полноценного обучения детей.

Глава региона ознакомился с проектом «Ақылды жайылым» по внедрению новых технологий для развития животноводства. Крестьянское хозяйство «Молшылық» в селе Жамбыл Байдибекского района занимается животноводством уже десять лет. Способ эффективного использования пастбищных угодий — это умное пастбище. В рамках проекта «Ақылды жайылым» создано энергетическое ограждение с устройством, получающим солнечную энергию. Животные пасутся только на огороженной территории. Это позволяет эффективно использовать пастбищные угодья, разделяя их на несколько участков. Животные пасутся поочередно.

Глава региона ознакомился с текущим состоянием системы природного газа и планами строительства газопроводов в населенном пункте Мынбулак. На сегодняшний день 10 населенных пунктов на территории района обеспечены природным газом. Также планируется, что в текущем году 7 населенных пунктов в которых ведутся строительство будут обеспечены природным газом. В населенном пункте Мынбулак с 2019 года строят газопровод.