Базарқақпада көшелерге асфальт төселуде

Шымкент қаласы Еңбекші ауданындағы Базарқақпа елдімекенінде бірқатар көше асфальттелуде. Ал Қараөткел көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Асфальтбетон жабындысы төселетін жолдың ұзындығы 0,9 шақырымды құрайды.
Заманауи құрылғылармен жабдықталған жылжымалы зертхана арқылы асфальт қабатының тығыздығы мен сапасы, қолданыстағы материалдардың талапқа сәйкестігі тексерілді.

Жыл соңына дейін аумақтағы 6,6 шақырымды құрайтын 11 көшеге асфальт төсеу жоспарлануда. Олар: Атауы жоқ No1,2,3,4,5, Кеңгір, Қараөткел, Балқан, Алай, Қызылата, Сазқұндыз көшелері.
Биыл жалпы қаладағы жол жабындысы жағдайын жақсарту мақсатында 297 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.