Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жастарға арналған, жасанды интеллект негізіндегі виртуалды кеңесші чат-ботын әзірледі.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қызмет көрсететін виртуалды кеңесшінің мақсаты – жастарға мемлекеттік қолдау шаралары, гранттар, жұмыспен қамту, білім алу, кәсіпкерлік және басқа да мүмкіндіктер туралы өзекті әрі түсінікті ақпарат ұсыну.
Чат-ботта жастарды қолдауға бағытталған 17 мемлекеттік бағдарлама қамтылған:
1. Tech Orda бағдарламасы;
2. «Отбасы банк» АҚ-ның жастарды қолдау бағдарламалары;
3. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясындағы жұмыс орындары;
4. Жас ғалымдарға жыл сайынғы гранттар бөлу;
5. «Дипломмен – ауылға» жобасы;
6. Әлеуметтік жұмыс орындары;
7. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар;
8. Жастар практикасы;
9. Қоғамдық жұмыстар;
10. Өңірлік кадр резервін қалыптастыру;
11. Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру;
12. Жас ғалымдарға арналған несие беру бағдарламасы;
13. «Мамандығым – болашағым» жобасы;
14. «Серпін» жобасы;
15. «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясындағы жұмыс орындары;
16. «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттық жобасы;
17. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы.
18.
Виртуалды кеңесші жастардың жеке сұранысына сәйкес қажет бағдарламаны жылдам табуға, мемлекеттік гранттар, стипендиялар, әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік және психологиялық көмек туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
📲 Telegram: https://t.me/Jastar_AI_bot
📲 WhatsApp: https://wa.me/77714066271
Өзіңізге қажет мемлекеттік қолдау тетіктері мен мүмкіндіктері туралы виртуалды кеңесшіден сұрап, жедел жауап алыңыз!
Источник: с сайта gov.kz
