Заңсыз атыс қаруын сақтау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады

Түркістан қаласының прокуратурасы заңсыз атыс қаруларын сақтады деген айыппен Түркістан қаласының тұрғыны 1994 ж.т. Э.Жақыповқа қатысты қылмыстық істі сотқа жіберді.

Ағымдағы жылдың жаз айында жол патрульдік полиция қызметкерлері бір автокөлікті тоқтатқан сәтте жүргізуші оқиға орнынан қашып кетуге тырысқан. Полиция қызметкерлері автокөлікті қуалап ұстаған сәтте оның ішінде жолаушы ретінде болған Э.Жақыповтың қалтасынан екі атыс қаруы табылған.

Тергеу нәтижесімен Түркістан қаласының полиция басқармасының тергеушісі соңғының іс-әрекетін ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігімен (мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, 5000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген) саралаған.