Иммунитетті көтерудің 7 тәсілі

Көктемде адам ағзасы әлсіреп, адамтөмендейді. Індеттің өршіп тұрған тұсында дәруменге бай тағамдарды жеген абзал деп хабарлайды Қызылорда облысының әкімдігі баспасөз орталығы.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңындаөткен онлайн брифингте медицина саласының мамандары имунитетті көтерудің 7 тәсілін айтып берді.
– Имунитетті қалыптастырудың 7 тәсілі бар. Бірінші, дәрумендерді қолдану. Яғни, қоңыр түсті асқабақ, баклажан, қызанақ, қызылалма, сәбіз тағысын тағы. Екінші тәсіл, дұрыс тамақтану. Күніге көкеністі 600-700 грамға дейін жеу қажет. Иммундық жүйені мықты қылатын келесі дүние ол ет және сүт тағамдары. Сүт тағамдарын 200-300 грамға дейін ішуге кеңес береміз. Себебі ол организмдегі керек емес шлактарды сыртқа шығарып тастайды. Сондай-ақ, иммунитет көтеру үшін антибиотиктер де пайдалы. Шынығып, дене тәрбиесімен айналысудың да бұл тұрғыда әсері мол. Салауатты өмір салтын ұстануда осы критерийге кіреді. Ал жетінші тәсіл, уақытылы тынығу. Тыныштықта отырып, организмді тынықтыру, 8 сағаттық ұйқы имундық жүйе үшін маңызды, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Бибізада Дүйсенбаева.
Сондай-ақ, мамандар қазіргідей қиын кезеңде ел болып вакцина ектірудің маңызды екенін айтып отыр. Ол үшін қазір облыста коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында халық көп шоғырланатын ХҚКО, Теміржол вокзалы, Автовокзал, сауда орындары, орталық базарлар, Қызылорда автобус паркі, білім беру мекемелерінде ақпараттандыру жұмыстары жалғасуда.
– Қазір қауіпті аймақта тұрмыз. Елдің қорқынышы әлі де сейілмей тұр. Бүгінде тұрғындар тарапынан «вакцинаны қайдан аламыз?», «егу жұмыстары тегін жүргізіле ме?» деген сияқты сұрақтар жиі түседі. Осындай халық сауалдарына жауап беру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Жыл басынан бері облыстық денсаулық сақтау басқармасының арнайы Call-орталығының байланыс нөмірі жазылған үнпарақтар таратып, COVID-19 қарсы өңірдегі медициналық санитарлық алғашқы көмек көрсету ұйымдарының егу пункттері туралы ақпараттандырдық. Сондай-ақ, қала мен ауданның көрнекті жерлеріне «Вакцинацияны тегін алыңыз!» деген баннерлер ілінді, – деді облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы директорының орынбасары Толқын Мұханбетқызы.