Шымкентте интернетпен қамту мәселесі шешімін тауып келеді

Абай ауданына қарасты Нұршуақ елді мекеніне биыл талшықты оптика желісін жүргізу жоспарға енгізілген болатын. Маусым айының соңына дейін елді мекен оптика желісімен қамтамасыз етіледі.

Қазіргі таңда инвестор тарапынан интернетпен қамтуға қажетті құрал жабдықтар алынып, елді мекен көшелеріне оптика желісін тарту жұмыстары жүргізілуде. Тиісті жұмыстарды маусым айының соңына дейін аяқтап, 10 000-ға жуық тұрғынға жоғарғы жылдамдықты интернет желісіне қосылуға мүмкіндік жасалынады.

Сонымен қатар, Нұршуақ елді мекеніне базалық станция орнату үшін «Kcell» АҚ мен келіссөздер жүргізіліп, инвестор тарапынан антенна-мачталық құрылғы орнатуға келісім жасалды. Бүгінде инвестор тарапынан базалық станцияны орнату үшін жер телімдерін рәсімдеу жұмыстары атқарылуда. Тиісті жұмыстарды алдағы 4 ай көлемінде аяқтау жоспарланып отыр.