Ираннан Қазақстанға әуе рейстері қайта жандануда

2022 жылғы 20 сәуірден бастап ирандық «Kish Air» әуе компаниясы Тегеран – Алматы және Горган – Ақтау бағыттарында тұрақты негізде, әр бағыт бойынша аптасына 1 рейс жиілікпен халықаралық рейстерді орындауды жоспарлап отыр. 

Рейстер сәрсенбі (Горган – Ақтау) және бейсенбі (Тегеран – Алматы) күндері A321 және MD-82/83 типті әуе кемелерінде орындалады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.

ҚР ИИДМ баспасөз орталығы