Кентауда 109 байланыс орталығының жұмысы жандана түсті

Түркістан облысы, Кентау қаласының әкімі Дәурен Махажановтың тапсырмасымен қалада тұрғындардың арыз-шағымын, ұсыныс-өтініш дер кезінде қабылдау мақсатында 109 байланыс орталығы құрылып, үздіксіз жұмыс атқарып келеді. Қала тұрғындары кез-келген қалта телефоны арқылы 109-ға хабарласа алады.Кәзіргі таңда бірыңғай байланыс орталығына 1037 өтініш келіп түскен. Оның ішінде: «WhatsApp» желісі арқылы 319 өтініш; «Instagram» желісі арқылы 150 өтініш; 109 номері арқылы 359 өтініш; «Facebook» желісі арқылы 61 өтініш қабылданды. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген үйлер бойынша штабқа 102 өтініш түссе, жеке қабылдау кезінде 46 өтініш тіркелді.Орталыққа келген өтініштердің 981-іне толық жауап беріліп, шешімі табылды. Қалғаны уақытына байланысты бақылауда тұр. Аталмыш жұмысты жандандыру мақсатында қәзіргі таңда Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасымен бірлесе «Aikey» бағдарламасын іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Aikey» бағдарламасы арнайы бірыңғай жүйе болып табылады. Тұрғындар тарапынан түскен барлық сауал, өтініш, арыз қала әкімінің жіті бақылауына алынған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі