Колледж оқытушысы қымыз балмұздағын жасап шығарды

№11-ші Түркістан колледжінде «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы Байдалы Жадыра қымыздан балмұздақ пен сабын жасап шығарды.

Жаңа жобаның мақсаты – қымыз балмұздағының биологиялық құндылықтарға бай және адам ағзасына пайдалы екенін дәлелдеу. Қымыз балмұздағының басқалардан айырмашылығы отқа дайындалады және оның құрамы өзгермей табиғи құндылығын сақтайды.

«Біздің нарықта ұлттық өнімдер, оның ішінде қымыз өнімдерінің түрлері аз екенін байқауға болады. Балмұздақ жастарға да, балаларға да ұнайды. Қоспасыз биоөнімдер денсаулыққа да пайдалы», дейді Жадыра Байдалы.

Колледж оқытушысының айтуынша, сусынның құрамында түйіршікті ақуыздар бар, ол адам денсаулығына пайдалы табиғи иммундық қасиеттерге ие. Сонымен қатар ұстаз емдік пайдасы бар саумал қосылған сабын шығара бастады. Жобаны мемлекет қолдайтын болса, эко өнімдерді болашақта Қазақстанның өзге өңірлері мен шетелге экспорттауды жоспарлап отыр.