Құқықтық оқыту ұйымдастыру болды

✅Құқықтық оқытуға, Департаменттің Басқарма басшысы – Әдеп жөніндегі уәкілі Ерғали Тілесбайұлы Жұмабаев, Филиал директоры Әділет Әділбекұлы Нысанбаев және Департамент қызметшілері қатысты.

✅Іс – шара барысында Е.Жұмабаев, ҚР Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілер жұмыс барысынан тыс уақыттарда өздерін қалай ұстау керектігін және санитариялық талаптарды сақтап, қоғам тарапынан сынға ұшырауға себеп бермеу қажеттіліктерін атап өтті.

✅Сонымен қатар, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңының талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын ҚР Салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік кіріс органдарына тапсыру талаптарына тоқталды.

✅Ә.Нысанбаев, мемлекеттік қызметшілер азаматтармен қалай сөйлесу, олармен кері байланыс орнату және халықтың сенімділігін арттыру бағытындағы баяндама жасады.

✅Сондай ақ, мемлекеттік қызметшілер қызметтерді тұтынушыға бағыттау жұмысын жүзеге асыруды, қызметтерді тұтынушыға оңай әрі тиімді, жатық тілмен жеткізу әдістерін түсіндіріп, тәжірибеде кездесетін мәселелер бойынша пікір алмасты.

✅Іс – шара барысында, спикерлерге Департамент қызметшілері тарапынан туындаған сұрақтар қойылып, тиісті жауаптарын алды.