Кәсіподақ қашанда еңбек адамымен бірге

Қазіргі уақытта еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау негізгі  қалаушы басқарушылық қағидат ретінде қарастырылады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласы  жұмысының аса маңызды бағыты өндірісте жұмысшылардың  денсаулығы мен өмірін сақтау басымдығын қамтамасыз ету болып табылады. Жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайын жасау — еңбек өнімділігін арттырудың кепілі. Осы ретте Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлері кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шолданбаев Сапарғали «Қалың қалай бастауыш ұйым?» акциясы аясында, «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Жасыл аймақ» КММ-не барып, бастауыш кәсіподақ ұйымының қал-жағдайымен танысты.

Жиын барысында «Қауіпсіз еңбек жылы» аясында жұмыс берушілер мен қызметкерлердің құқығын қорғауда бүгінгі таңда атқарылып жатқан жұмыстары, еңбек қатынастарын реттеу, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, мекемедегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында техникалық инспекторларының құқықтары мен өкілеттіктері түсіндіріліп, аталған бағыттағы жұмыстар талқыланды.

Кездесу соңы марапаттау миссиясымен жалғасын тауып, онда Жеңіс күніне орай бастауыш кәсіподақ ұйымының белсенді мүшелеріне салалық кәсіподақтың алғыс хаттары мен төсбелгілері табысталды.

Айта кетерлігі, бүгінде «Жасыл аймақ» КММ-де 680 еңбеккерлер жұмыс атқарады. Олардың барлығы — 100% кәсіподақ мүшелері.