«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев пен «Түркістан облысының автомобиль көлігі және жол кәсіпорындарының жергілікті кәсіподағының төрағасы Али Мамедов Түркістан өңірінің Сайрам ауданында орналасқан «Аманжол» ЖШС-нің бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында кәсіподақ мүшелеріне еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, ҚР кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ақпараттар айтылды.
Бұдан бөлек басқосуда аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев ҚР Кәсіподақтар Федерациясының 2023 жыл — «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, еңбеккерлерге еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, техникалық инспекторлардың жұмысы мен өндірістік жазатайым оқиғаларды болдырмау жайлы айтып, еңбек дауларының алдын-алу, еңбек қатынастарын реттеу және құқықтық көмек көрсету жайлы мағлұмат берді.
Жиын соңында қатысушылар көкейінде жүрген сауалдарын қойып, пікір алмасып, қызмет барысында туындайтын сұрақтарына тұшымды жауаптарын алды.