Мереке қарсаңындағы салтанатты марапаттау

2021 жылғы 1 қазан күні Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен кәсіподақ мүшелерін салатанатты марапаттау шарасы өткізілді. Іс-шараны «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов жүргізіп, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Ілімшеұлы Әлтеев құттықтау сөз сөйлеп, белсенді кәсіподақ мүшелеріне марапаттар табыстады. Атап айтқанда, «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» дипломы Шымкент қалалық байқауының жеңімпазы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бастауыш кәсіподақ ұйымына, оның басшысы Бақдаулет Төлебайұлы Әшеновке және кәсіподақ ұйымының төрайымы Раушан Әсілбекқызы Әсембековаға тапсырылып, олар «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төс белгілерімен марапатталды.Басқарма түрлі іс-шаралар өткізумен қатар, әлеуметтік көмектер көрсету бойынша 1,0 млн. теңгенің қолдауын көрсеткен. Атап айтқанда, кәсіподақ жарнасының есебінен, басқармада 24 қызметкерге 220,0 мың теңге көлемінде отбасылық жағдайларына байланысты қаржылай материалдық көмек көрсетілген. Манкент және Сарыағаш шипажайларына 6 қызметкерге 660,0 мың теңгеге, оның ішінде мекеме тарапынан 4 адамға тегін және басқарманың кәсіподақ комитеті есебінен 2 адамға филиал тарапынан 30%, ал 70% басқарманың кәсіподақ комитеті есебінен жеңілдікпен жолдамалар берілген.Әлеуметтік көмек көрсету бойынша: тұрмысы төмен, көп балалы батыр ана, жалғыз басты ана мен жалғыз басты әке, асыруашысынан айырылған, мүгедектік топтағы, мүгедек балалары бар отбасы мүшелеріне әлеуметтік көмек көрсетіп, жалпы 8 отбасына 120,0 мың теңге көлемінде қайрымдылық жасаған. Оның ішінде, 6 отбасыға 15,0 мың теңгелік азық-түлік себеттері, нақтылай 2 отбасыға 15,0 мың теңгеден ақшалай көмек берілсе, ал оның ішінде, 1 отбасы осы басқарманың кәсіподақ мүшесі. Сонымен бірге кәсіподақ жұмыстарындағы белсенділіктері үшін бірнеше қызметкерлерге кәсіподақ наградалары табысталды. Атап айтқанда: — «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасымен» Нәлжанов Ғалымжан Қошқарбайұлы — Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы – заңгер кеңесшісі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, Филиалдың «Еңбек озаты» төс белгісімен Карабаев Жаркын Курманбекович — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас маманы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы және Бердібекова Гүлсина Рахымбайқызы — Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің аппараты кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, Филиалдың «Құрмет грамотасымен» Исламбеков Руслан Батырбекович – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің басшысы, Бекешев Дастан Кумисбекович – Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің архив құжаттарын пайдалану және жариялау бөлімінің архивисі, Султанбеков Бакытжан Оспанович – Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары, Үсенбек Мақсат Бауыржанұлы — Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің аппараты ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маман-заңгері, Базарбаев Зафарвой Зуфарваевич — Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппараты Сайрам аумағы бойынша халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы, Филиалдың «Алғыс хатымен» Алтынбек Гүлназ Ұзақбайқызы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салықтық бақылау бөлімінің бас маманы, Райымкулова Айгул Бегдилдаевна – Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұлттық архив қоры құжаттарын толықтыру және есебін жүргізу бөлімінің археографы, Шмралиева Назипа Алдибековна – Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиешісі, Маханбет Жасұлан Ержанұлы — Шымкент қаласы Қаратау аудан әкімінің аппараты мәдени-ағарту жұмыстары бөлімінің әдіскері, Әділбай Серік Жорабайұлы — Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің аппараты ұйымдастыру-бақылау бөлімінің әдіскері марапатталды.

Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы