Ардагерлеріміз – ардақтыларымыз!

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Руслан Ақжігітов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрған Бейімбетов кәсіподақ саласының ардагері Пернебек Қалыбайдың 85 жасқа толған туған күнімен құттықтап, шаңырағына барды. Өз кезегінде, Руслан Ермахамбетұлы мерейтой иесіне «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Бауыржан Әлтеевтің және «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлінің құттықтауын жеткізіп, сый-сияпат табыстады. Кәсіподақ ардагері өз алғысын білдіріп, ақ батасын беріп, сәттілік тіледі.Пернебек Қалыбайұлы 1978-1982 жылдар аралығында Шымкент өндірістік бірлестігі кәсіподақ комитеті төрағасының қызметін атқарған. Ал, 1982-1987 жылдар аралығында облыстық кәсіподақтар кеңесінің хатшысы болды.Кәсіподақ саласына еңбегі сіңген әрбір ардагер қай кезде де құрметке лайық. Ардагерімізді жаңа жасымен құттықтаймыз!

Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы