Көпбалалы полицейлердің жанұясы мереке қарсаңында марапатталды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2013 жылдан бері елімізде «Отбасы күні» мерекесі тойланып келеді. Аталған мереке қарсаңында Түлкібас АПБ полиция қызметкерлері ерлі-зайыпты полицейлердің отбасына арнайы барып, құттықтап қайтты. Тарқатып айтар болсақ, Түлкібас аудандық полиция бөлімі бастығының арнайы алғыс хаты мен сый-сияпаттарын жас отбасы және көпбалалы болып табылатын полицейлерге әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Гүлбану Есенқұлова табыстады. Ол ерлі-зайыпты сақшылардың үйлеріне арнайы барып аралап, бөлім бастығы атынан мерекелік тартуды берді. Өз кезегінде марапатталған көпбалалы полицейлер анасы құттықтап келген полиция ұжымына алғыстарын айтып , барша қазақстандықтарды отбасы мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі