Мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады

Мереке және демалыс күндерін (сенбі, жексенбі) есепке алғанда қазақстандықтар мамыр айында 11 күн демалады.

Egov.kz мемлекеттік порталының күнтізбесіне сәйкес мамырда үш бірдей мереке бар.

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

7 мамыр — Отан қорғаушы күні

9 мамыр — Жеңіс күні.

Осылайша қазақстандықтар мамыр мерекелерінде төрт күн демалады. Себебі 7 мамыр жексенбіге келіп тұр, оның демалысы 8 мамырға ауысады.

Еске салсақ, егер мемлекеттік мереке демалыс күніне (сенбі немесе жексенбі) сәйкес келсе, онда демалыс күндері бір күнге ұзартылады.

Айта кетейік, ҚР Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес мереке күндері жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.