Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге ат салысқан Полиция департаментінің 20 полицейі сертификат алды

Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлеріне «Тілдерді оқыту және дамыту» орталығы басшысының қатысуымен құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мен мәртебесін көтеру мақсатында өткізілген қазақ тілін оқыту курсының В1 орта деңгейі бойынша сертификаттар берілді.

Жиынға Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Б.Сапар, «Тілдерді оқыту және дамыту» орталығының директоры Е. Хандиллаев және қазақ тілі пәнінің оқытушысы Жұмабаева Айкерім қатысып, жылы лебіздерін білдіріп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге ат салысқан курс тыңдаушыларын марапаттады.

3 ай бойы өкізілген дәрісте департаменттен 20 шақты қызметкер ресми іс-қағаздар, білім, баспасөз-медиа және тағыда басқа мемлекеттік тілдің аясын кеңейтуге негізделген тақырыптарда білім алды.

Түркістан облысы ПД