Нашақорлықты алдын алу бойынша кездесу өтті

Нашақорлық– бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезде ересектер арасында да есірткінің тұзағына түсіп қалған адамдар көбейіп келеді.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1-қыркүйектегі Қазақстан Халқына жолдауында синтетикалық есірткі тұтынатындардың көбеюі ұлт саулығына зор қауіп төндіріп отырғанын, уақыт өткен сайын мұндай есірткі арзан әрі қолжетімді бола бастағанын, соған байланысты синтетикалық есірткіні өндіруге және таратуға қарсы күрес жалпыұлттық деңгейде жүргізілуі тиіс екендігін атап көрсетіп, нашақорлықпен және есірткі саудасымен күресу жұмыстарын жандандыру тапсырылған.

Жастардың жан-жақты дамуына ықпал жасау мақсатында “Туризм және меймандостық” университетінде полиция қызметкерлерінің қатысуымен нашақорлық және жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісінің алдын алу бойынша кездесу өтті.

Жиын барысында сала мамандары жастарға жұқтырылған қорғаныш тапшылығының инфекциясын жұқтырудың, есірткі құралдарын пайдаланудың алдын-алуға және есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды жүргізуге, есірткінің жағымсыз салдары туралы толыққанды мағлұмат берді. Сондай-ақ, есірткіден бойды аулақ салудың маңыздылығын ескертіп, салауатты өмір сүру салтын ұстануға шақырды.