Несиеге үй алып беремін деп, ақшасын алдап алған азамат анықталды

2021 жылдың 22-тамызында Әл-Фараби АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі. Онда, белгісіз тұлға несиеге пәтер алып беремін деп, 1.500.000 теңгесін алаяқтық жолмен иемденгенін көрсеткен. Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, жеткізілді. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері тұрғындарға бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге шақырады.