Облыс полицейлері Республика күнін атап өтті

Түркістан облысы ПД-нің мәжіліс залында 25 қазан «Республика күніне» орай мерекелік шара ұйымдастырылды. Жиналғандарға алғашқы құттықтау сөзін арнаған полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов: «Құрметті әріптестер, мереке құтты болсын! Елдің тыныштығын сақтап, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуда адал қызмет ете беріңіздер! Республикамыз өркендеп, дами берсін!»-деп атап өтті.

Салтанатты шара марапаттау рәсімімен жалғасып, өзінің қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген қызметкерлер марапатталды. ҚР ІІМ-нің бұйрығымен «Кезектен тыс полиция полковнигі» арнаулы атағын Ғ.Тұрысбеков, Б.Нышанбаев алды. «Бір саты жоғары полиция подполковнигі» арнаулы атағын П.Бекзадаева, А.Көбегенова, Е.Яврова, Б.Кенесарин иеленді.

«Кезектен тыс полиция подполковнигі арнаулы атағы» Д.Рыспанбетовке берілді. «Кезектен тыс полиция майоры» С.Спабековке, Н.Бекмановқа тапсырылды. «Ішкі істер органдарының құрметті қызметкері» төсбелгісі полиция полковнигі С.Сейітханға берілді. «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен Б.Мұхамеджан, Б.Нұрмаханов, Ұ.Шүленбаев наградталды. Ал «Қазастан полициясына 30 жыл» төсбелгісімен С.Тілеуқабыл, Ж.Смайлов, Д.Зияев марапатталды. «Құрмет» грамотасы П.Маламатаға үлестірілді. Сондай-ақ ҚР ІІМ-нің Грамотасымен 8 қызметкер марапатталды.

Оған қоса қыркүйек айында Түркістан қаласында өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ішкі істер министрлерінің кеңесі отырысын ұйымдастыруға және өткізуге қосқан үлесі үшін С.Дүкенов, А.Мырзахметов, Қ.Ділдабеков, Г.Абдужаппарова, Б.Жанаевқа ҚР ІІМ-нің «Алғыс хаты» табысталды. Одан бөлек Түркістан облысы полиция департаментінің Грамотасы, Алғыс хаты тәжірибелі, қызметімен көзге түскен қызметкерлерге берілді. Шара соңы өнерлі полицейлер мен Б.Мұстафаев бастаған өңірдің бірқатар эстрада жұлдыздарының концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.

Түркістан облысыПД баспасөз қызметі