Облыс әкімінің орынбасары тағайындалды

Бүгін Талдықорғанда облыс активі өтіп, онда өңір басшысы Амандық Баталов өзінің жаңа орынбасарын таныстырды. Жаңа лауазымға Арлан Момышұлы Дәндібаев тағайындалды. Оның кандидатурасы Президент Әкімшілігімен келісілді. Бұған дейін ол ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Протоколының Басшысы болды.

ТАҒАЙЫНДАУ

Алматы облысы әкімінің өкімімен Дәндібаев Арслан Момышұлы облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Арслан Момышұлы Дандыбаев

1975 жылы туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін халықаралық қатынастар, референт мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің маманы, атташесі болып бастады.

Әр жылдарда Қазақстан Республикасының Стамбул қаласындағы Консулдығының, ҚР-ның Түркия Республикасындағы Елшілігінің атташесі, ҚР-ның Амсердам қаласындағы Бас консулдығының вице-консулы, ҚР-ның Нидерланд Корольдігіндегі Дипломатиялық миссиясының екінші хатшысы, бірінші хатшысы, ҚР-ның Түркия Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі Мемлекеттік және үкіметтік сапарлар бөлімінің бастығы, ҚР Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты, ҚР Бас консулдығының кеңесшісі, ҚР Стамбул қаласындағы Бас консулы, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің Басшысы, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Протокол қызметінің Басшысы, ҚР Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің Басшысы, ҚР Президенті Протоколы Басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.

2019 жылдың наурызынан – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Протоколының Басшысы. 

Хроника

Алматы облысы әкімінің өкімімен Рустам Али басқа жұмысқа ауысуына байланысты облыс әкімінің орынбасары қызметінен босатылды.