Ордабасылық ұстаз – әлемдік шешімін таппаған есептерді шығарған әйгілі математик

Ордабасы ауданының тумасы Уалбай Өмірбаев – ҚР Мемлекеттік және АҚШ-тың «Мур» сыйлықтарының иегері. Ол 1972 жылдан бері шешімін таппай келе жатқан жапон ғалымы М.Нагатаның есебін 2001 жылы және ағылшын математигі П.Конның есебін 2004 жылы шешіп әлемдік рекорд орнатқан. Күрделі есептерді шешуге оның 12 жыл уақыты кеткен.

Әйгілі математик 1960 жылы 7 мамырда Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Төрткүл ауылында дүниеге келген. Бүгінгі таңда Республика мен алыс-жақын шет мемлекеттерге танымал математик. Ол — ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор.

Уалбай Өмірбаев қазіргі таңда әлемдегі озық жоғары оқу орындарында дәріс беріп келеді. Бүгінде АҚШ-тың Детройт штатының Уейн университетінде ұстаз.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі