Арыс ауданында жағдайы төмен отбасылар азық-түлік,керек-жарақтарымен қамтамасыз етілді

Түркістан полицейлері жалғыз басты тұрғындарға, асыраушысынан айырылған үй-жайларға, жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетуде белсенді жұмыстар атқарып келеді. Осыған орай Арыс АПБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Қ.Орынбаев бастамасымен жеке құрам жасақталып, аудан аумағында қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.Аталған іс шара барысында полицейлер арнайы әлеуметтік көмекке мұқтаж Баламекен ауданынан бір мекен-жайды анықтады. Ол мекенжайда 42 жастағы Нүргүл Азаматша тұратындығы белгілі болды. Жеке құрам анықталған мекен-жайға арнайы барып, жалғызбасты ананы тұрмыстық керек-жарақтармен, азық-түліктермен қамтамасыз етіп, бұған қоса полиция тарапынан арнайы қаржылай көмек берілді.Өз кезегінде Н.Азаматша мұндай игі іске мұрындық болған Арыс аудандық полиция бөліміне алғыс айтып, арнайылап келген қызметкерлерге ризашылығын білдірді.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі