Прокурорлармен қылмыскерлердің кінәсі  дәлелденді

Сот үкімімен қылмыстық ортада байланысы бар адамдар тобы бопсалау мен алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

2016 жылы елорда аумағында кінәлі тұлғалар өткізілетін аукцион қорытындыларына ықпал етуге және бизнес-кешен ғимаратын беруге уәде етіп, жәбірленушіден шамамен 300 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай қаражатты алдау арқылы иеленген.

Одан әрі, қылмыскерлер жәбірленушінің қаржылық жағдайы туралы біліп, ұзақ уақыт бойы қоқан-лоққылар мен физикалық зорлық-зомбылықты қолдану арқылы жәбірленуші мен оның танысынан ойдан шығарылған 120 мың АҚШ доллары көлемінде жалған қарызды бопсалаған.

2021 жылға дейін аталған құқық бұзушылықтар ашылған жоқ.

Тек Астана қаласы прокуратурасының нұсқауларынан кейін ғана қылмыстық іс қайта жанданып, аса ауыр қылмыстар жасалғанын куәландыратын жеткілікті және жол берілетін дәлелдемелер жинақталды.

Тергеу нәтижелері бойынша прокуратура айыптау актісін жасады.

Сотта мемлекеттік айыптаушымен олардың кінәсі туралы күмәнсіз дәлелдер келтірілді.

Сот үкімімен кінәлі тұлғалар ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Үкім заңды күшіне енді.