Рейдтік іс-шаралардың  алғашқы күнінде полицейлер 600-ден астам жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтады

Рейдтік

Жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында Жамбыл облысында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Жол қозғалысын қадағалауды жүзеге асыру барысында жол ережелерін өрескел бұзу деректеріне, сондай-ақ жаяу жүргіншілермен жұмыс істеуге ерекше назар аударылуда.

Рейдтік шараның алғашқы  күні полицейлер Жол қозғалысы ережелерін  бұзудың 626 дерегін анықтады, оның ішінде көлік құралын мас күйінде басқарудың 4 дерегі.

-Қауіпсіздік белдіктерін пайдалану ережелерін сақтамағаны үшін — 82 көлік жүргізуші, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін — 33 жүргізуші, сондай-ақ көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланғаны үшін 24 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деді Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Орынбасар Джалдыгараев.

Сонымен қатар, рейдтер барысында жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың -3 дерегі, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау ережелерін бұзудың 5 дерегі анықталды. 30 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті жүргізушілерге Жол қозғалысы ережелерін  қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Жамбыл облысы ПД