Құқық бұзушылықтың алдын алуда құқықтық тәрбиенің мәні

Тәртіпке бас иген адам құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп Б.Момышұлы айтқандай, еңбек тәртібін сақтап, заңды құрметтеп, тыныш жүрсе, одан ешкім де ұтылмайды.

Қылмыстың алдын алудың бірден-бір жолы – оқушылардың мектептен тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастыру.

Жалпы, құқық тәртібін бұзуға бейім балалар қайдан шығады? Жасыратыны жоқ, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасаған, сөйтіп ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шығады. Ал енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс уақыттарында немен айналысып жүргендерін қадағаламауынан пайда болады. Осыған байланысты жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру – жан-жақты тәрбиенің маңызды бір саласындағы жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесі болып табылады. Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында мектебімізде өмірде қиын жағдайға тап болған оқушылармен көптеген іс шаралар атқарылып келеді.

Осы орайда кәмелеттік жасқа толмаған балалардың құқық бұзушылықтың алдын алу туралы  Түркістан қаласының  Ж.Тәшенов атындағы №23 ІТ-мектеп-лицейі оқушыларына прокуртура өкілі, полиция инпекторлары келіп түсініктеме жүргізді. Шараның мақсаты жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушылардың жаман әдеттерден бойын алшақ ұстауы, қылмыстық әрекеттерге жол бермеужәне құқықтық тәрбие беру.  Әрбір адамның өмірде толыққанды тұлға болып қалыптасуында құқықтық тәрбиенің алар орны ерекше. Тәрбиенің сан қырын қарастырсақ та құқықтық тәрбие, құқықтық сауаттылық бір қадам ілгері болмақ. Бүгінде кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуде оң нәтижеге жету үшін қолайсыз отбасыларына ықпал ету жүйесін өзгерту қажет, мұндай бұзушылықтар үшін тек қана ата-аналық құқынан ғана айырып қоймай, бас бостандығынан айыруды қарастыратын ата-аналардың кәмелетке толмағандарды тәрбиелеудегі жауапкершіліктің тиімді институттарын құру керек, бұндай институтты құрмайынша кәмелетке толмағандардың оң бағыттағы құқықтық санасын қалыптастыру туралы айту мүмкін емес, себебі балаларға тәрбие және бұл өмірде дұрыс бағыт беру үшін жауапкершіліктің мүлдем жоқтығын айтуға болады. Ата-аналарының балаларды тәрбиелеуге құқығы ата-аналық құқықтарының ішіндегі ең маңыздыларының бірі.Сонымен бірге, қазіргі жағдайда білім беру мен тәрбиелеу деңгейіне жалпы әлемдік талаптың күшею тенденциясы ата-аналарға балаларға қатысты көп міндет пен көп жауапкершілік жүктейді.Кәмелетке толмағандардың қылмысын алдын алудың жалпы әлеуметтік шараларының жүйесінде кәмелетке толмағандарды еңбекпен қамтамасыз етуге жетекші, басты орын беру қажет. Әлемдік практика көрсеткендей нарықтық қатынастар адал және әділ еңбекті қажет етеді.